Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қос отбасын қуантты

Соңғы жылдары үй кезегіндегі тұрғындарды баспанамен қамтуда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде соңғы үш жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 102 отбасы баспаналы болды.

 «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай Астана күні қарсаңында Жамбыл ауылдық округінде баспанаға мұқтаж екі отбасына жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды. 
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Оспан Аронов баспана кілтін салтанатты түрде үй иелері көпбалалы отбасы Руслан Адаев пен әлеуметтік осал топ санатына жататын Батыржан Меңдешевке табыс етіп, қуанышымен бөлісті. Шарада құттықтау тілегін білдірген Жамбыл ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Иғали Ізтұрған:
– Бүгін қос бірдей баспананың берілуі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асып жатқандығының айқын көрінісі. Қазіргі таңда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде аудан әкімінің бастамасымен жыл сайын ауданда тұрғын үй алушылар саны артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Баспана иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақ шаттығын тілеймін! – деді.


Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT