Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГАЗЕТ ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫН

Газет оқу – зиялылықтың белгісі. Ахмет Байтұрсынұлының «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ.

Қазір техника дамып, ғаламтор пайда болғалы газет оқитындардың саны азайып кетті. Дегенмен газет оқу өте пайдалы. Телефонға телміріп отырғаннан, елімізде болып жатырған жаңалықтарды, аудан жаңалықтарын осы газет оқу арқылы білеміз.

Зейнеткерлікке шығып, қолымыз босағасын бар ермегіміз-газет. Оқып көзіміз жаттықса, білген сайын зейініміз артуда. Шалғай Тайсойған ауылдық округінде тұрғандықтан, аудан жаңалықтарын біле бермейміз. Сол үшін әр аптаның жұмасында келетін, аудан айнасына айналған, қоғамдық-саясы «Қызылқоға» газетін асыға күтеміз. Жастардың жетіп жатқан жетістіктерін көріп, бір марқайып қаламыз. Ауданнан шығатын жалғыз газет болғандықтан, ауыл болып тағатсыздана күтеміз.

Газеттің шығуына ықпал етіп жүрген, шығармашылықпен айналысып отырған тілшілерге де алғысымыз шексіз. Ауданымыздан шығатын жалғыз газетке жазылыңыздар. Әсіресе жастарды газет оқып, ана тілімізді жіті меңгеруге шақырамын.

Жолдығали ЖАЙҒАЛИЕВ, Зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT