Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудандық сотта жаңа судья

Бүгін аудандық соттың мәжіліс залында құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган өкілдері, қызылқоғалық "Билер Кеңесі" жұмыс тобының мүшелері және сот қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

index

Онда алдымен сөз алған аудандық соттың төрағасы Айтжан Досмағамбетова:

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №231 Жарлығына сәйкес Қызылқоға аудандық сотының судьясы лауазымына Байназаров Айдын Ералыұлы тағайындалып отыр. Өзі Жамбыл облысының тумасы. 1988 жылы дүниеге келген ол мектеп бітірген соң Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Кейін Тараз қалалық сотынан еңбек жолын бастайды. Жас болса да үлкен қызметке тағайындалып жатқан әріптесімізге сәттілік тілейміз, -деді.

Ал, жаңадан тағайындалған судья Айдын Байназаров:

– Абыройлы қызметті адал атқару менің басты міндетім. Алға қарай сіздермен бірлесе жұмыс жасаймын. Артылған сенімнен шығуға тырсамын, – деді.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар да жаңа судьяға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT