Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДАУЫС БЕРУ ЖӘШІГІ АПАРЫЛДЫ

Аудандағы учаскелік референдум комиссияларының ішіндегі ең шағын Соркөл елдімекенінің кітапханасында орналасқан 164 учаскелік референдум комиссиясы. 

Алшын Омаров төрағалық ететін аталмыш комиссия құрамында 5 адам 84 дауыс беруші бар. Оның басым бөлігі Соркөл, Сарғымақ елдімекендерінің тұрғындары болса, қалғаны Қызылбұлақ пен Көкбұлақ қыстақтарының  тұрғындары.

Дауыс берушілердің басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, келу мүмкіндігі жоқ қыстақ тұрғындарына дауыс беру жәшігін апару арқылы  таңдау жасатқан. “Қарбалас тірліктен қолдары тие бермейтін қыстақ тұрғындарына екі комисия мүшесі арнайы дауыс беру жәшігін алып барды.

Елдегі саяси науқаннан тыс қалғысы келмеген тұрғындар бұл өте тиімді болғандығын айтып, дауыстарын берді” дейді учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Алшын Омаров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT