Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАСПАНАҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АУЫЛДАС!

Бүгін ауданымызда маңызды әлеуметтік оқиға орын алды. 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілті өз иелеріне табысталды.

Бұл баспаналар «Әлеуметтік инвестициялық жобалар» бағдарламасы аясында салынған және әртүрлі санаттағы отбасыларға арналған. Салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Әзмұханов арнайы қатысып, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады. Ол өз сөзінде:

«Бұл баспана халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Ата қоныс иелеріне береке-бірлік, құт-береке тілеймін» деді.

Жаңа баспаналар ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың айқын көрінісі. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!

Самғат ҚАЙРАТҰЛЫ

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT