Таяуда ұзақ жылдар бойы Сағыз ауылындағы №9 орта мектепте өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесіне айтулы үлес қосып, еселі еңбек еткен, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, білікті басшы, зейнеткер-ұстаз, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, ардақты ана Бағила Жолмұханқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Шұғыла» мәдениет үйінде «Ұстаз. Ана. Қайраткер» тақырыбында салтанатты шара болып өтті.
Оған аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп қызметкерлері мен апайдың жан-жақтағы білім сала-сындағы әріптестері, шәкірттері, сыныптас құрбы-құрдастары қатысты. Шараның өтуіне ұйытқы болған Сағыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұралы Әбишан мен аталмыш мәдениет үйінің директоры Ғафура Жанбосынова бастаған ұжымға, ізгі тілегін арнап келген аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі Қайсар Жарылғағанов, аудандық білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлжиһан Бекешова, ау-дандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан келген Рысты Шапих, Кенбай орта мектебінің директоры Бекбол Омаров, №9 орта мектеп директоры Өтепберген Әділов және тағы басқа азаматтарға алғысым шексіз.
Әрине, ұстаз болу жүректің ба-тырлығы, өзінің уақытын аямай, өз-генің бақытын аялау десек, Бағила Жолмұханқызы ұстаз бола жүріп, жиырма жылға жуық сол өзі қызмет атқарған ұжымды басқарды. Отбасы мен отағасының жағдайын жасай жүріп, үйдегі баламен бірге халықтың баласын бауырына басты. Апай басқарған жылдарда алты айлап ең-бекақы ала алмай, қайта құру кезең-деріндегі қиыншылықтарды артта қалдырып, ұжым жұмысын алға сүй-реп, ұтымды басқара білді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жер-дің тарихын оқудан көрініс тапса игі» десе, апайдың қолына қалам алуына арқау болған 75 жылдан астам талай жылдар мен талай тарландарды түлет-кен киелі қара шаңырақ №9 орта мек-тептің тарихы, ондағы еңбек еткен ұстаздардың ұлағаты, белгілі бір биік-терді бағындарған шәкірттері туралы жазған «Қарақияқтыдағы тұңғыш білім ордасы» атты кітабының оқырманға жол тартуы білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар мен азаматшаларға және өмірден өткен ұстаздарға қойылған ескерткіш деп білемін. Кітап жоғарыда айтылған шарада тұсауын кесті. Өз басым апайдың бұл еңбегіне дән риза болдым. Бұл елжандылықтың бастау алар бұлағы, қайнар көзі болады деп сенемін. Себебі, өткенді білмей, болашақты болжау қиын демей ма халқымыз. Демек, бойына бар жақсы қасиеттерді жинай білген Бағила Жолмұханқызының бүгінгі және келер ұрпаққа жасаған баға жетпес сыйлығы әрбір ауыл азаматының төрінен табылады деп сенемін. Бұл орайда, Бағила Жолмұханқызына «Мерейлі жасқа келіп, дүйім халықтың қошеметі мен алғысына, ана бақытына бөленіп, мерейіңіз бен мәртебеңіз асқақтай берсін, апай!» деген тілек білдіремін.
Болатбай НҰРҚАЛИЕВ, Атырау қаласы, №14 орта мектеп директоры.
Суретті түсірген Жайлау ТАЛАСОВ.