Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жергілікті білім беру грантына құжат қабылдау жалғасуда

Атырау облысында 15-20 тамыз аралығында жергілікті білім беру грантына құжаттар қабылданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

b79d60a9-6926-4e16-86c6-7f29d415a683

Биыл атыраулық мектеп және колледж бітірушілер үшін облыс әкімінің атынан 116 грант бөлініп отыр. Оның басым көпшілігі педагогика, медицина салаларына бөлінген.

f330470e-c6e3-47cc-9949-6ef747eb963a

Атап айтқанда, педагогика саласына – 49, медицинаға – 17 грант берілген. Ал, қалғаны ветеренария, агрономия, өнер және басқа да мамандықтарға тиесілі.

ce8e72ea-1b08-41b3-8b03-9803916d0b3f

- Облыс әкімінің грантын алуға ҰБТ-дан шектеулі балл алған барлық санаттағы түлек құжаттарын тапсыра алады. Сонымен қатар, колледж бітіруші түлектер де қатысуға құқылы. Қатысушылардың балдары тең болған жағдайда ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, кәсіптік-техникалық білімі бар және бір жыл жұмыс жасағандарға, сондай-ақ, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлеріне басымдық беріледі, - деді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Айнагүл Жұмағазиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT