Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтың қатысуымен аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс жиыны өтті.
Оған бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары және ардагерлер, округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Алқалы жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин ашып, жүргізіп отырды. Ол өзінің өтінішіне сәйкес денсаулығына байланысты атқарып отырған төрағалық қызметінен босатылатындығын мәлімдеді.
Пленум мүшелері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасына Сағидолла Яқыпты сайлады. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің алқа құрамы бекітіліп, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып Өтеуғали Дүйсәлі бекітілсе, ардагерлер кеңесінің алқа құрамының хатшысы болып Гүлшара Сары бекітілді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев абыройлы қызмет атқарғаны үшін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Каринге алғыс білдіріп, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің шешімімен «Атырау ардақтысы» төсбелгісін тағып, аудан әкімінің Алғыс хатымен бірге, иығына шапан жапты.
Кәмшат ӘБІШ
Суретті түсірген автор