Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ»

Осындай тақырыпта Б.Аманшин атындағы орта мектебінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, республикаға белгілі ақын, әнші-сазгер Қалидолла Ізекенұлымен кездесу кеші өтті.

Оған аталмыш мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Алдымен өзінің өмір жолы мен шығармашылығына тоқталған ақын  халық арасында кең таралған «Мөлдірім», «Мекенім-Миялы» әндерінің өмірге келуі туралы тарихымен бөлісті. Шара барысында оқушылар поэзия оқып, ақыннан сүйікті ұстазы мен мектеп қабырғасындағы қызықты оқиғаларын сұрады. Сондай-ақ, бір топ мұғалім «Мөлдірім»,  «Арман» мәдениет үйінің өнерпазы Зәуреш Жұмағалиева «Арман шуағы» әнін тамылжыта шырқады.

Кеш соңында Б. Аманшин атындағы орта мектептің директоры Зада Аманғалиқызы жылы лебізін білдіріп, ақынның шығармашылығына табыс тіледі.

Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521