Еліміздегі кәсіби мерекелердің бірі 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні ауданда кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік шара Миялы спорт кешенінде мәдениет саласы қызметкерлері арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырудан басталды. Жарысқа «Шұғыла» мәдениет үйі және Мұқыр ауылдық клубы «Намыс» командасы, «Самал» мәдениет үйінен «Самал» командасы, «Еспай», «Қаракөл» мәдениет үйі, Тасшағыл, Тайсойған ауылдық клубынан «Ақжелкен», «Арман», «Шалқыма» және Жангелдин мәдениет үйілерінен «Тұлпар» командасы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы, аудандық орталық кітапханадан «Қайсар» командасы қатынасты. Жарыс кортындысы бойынша үшінші орынды «Ақжелкен» командасы, екінші орынды «Самал» командасы, ойынымыздың бірінші орынын «Қайсар» командасы алды. Жарысқа қатынасқан командаларға арнайы алғыс хаттар, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік салтанат «Арман» мәдениет үйінде «Мәдениет-рухани құндылық» атты жиынмен жалғасты. Жиынды аудан әкімі Арман Баженов ашып, атаулы меркемен құттықтап, бір топ мәдениет саласы қызметкерлерін алғыс хатыпен марапаттады. Мұнан соң сахна төрінен сөз алған Жарас Есенғалиев әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының, облыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының алғыс хаттарымен әріптестерін марапаттады. Сондай-ақ өз атынан да бір топ әріптестеріне алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, қайта рәсімделген 11 «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар ұжымдар атақтарын қорғап, мерекелік салтанатта оларға сертификаттар табысталды. Салтанатты шараның куәсі болған мәдениет саласының ардагері, зейнеткер «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Рысты Шапих сөз алып, әріптестеін мерекемен құттықтады. Аудан көркемөнерпаздары мерекелік ән-шашуларын арнады.