Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жолаушыны үйден алып кеткен дұрыс

Жақында «Арман» мәдениет үйінде болған Миялы ауылдық округінің әкімі Ерболат Иғалидың халықтың алдында есеп беру жиналысында көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды.

Соның ішінде, ауданның Құрметті азаматы Құмар Хасанов «Миялы-Атырау» бағытындағы жолаушылар тасымалына өкпе назын білдірді. Оның айтуынша, қала бағытына жүргелі тұрған 5 автокөлік келсе, оның барлығы кісілерін толтырып алып келеді.

Менің ойымша, көлік иелері кісілерді толтырып алуы дұрыс деп санаймын. Біріншіден, тұтынушыға ұсынатын қызметінің мәдениетін көрсетсе, екіншіден оларға отбасын асырайтын табыс көзі болып табылады. Егер бұл «Уаз» көліктері жолаушыны үйінен мінгізіп алып кетпесе, жеңіл автокөліктер олжалы болады. Таңғы сағат 5:30-да үйіңе келіп мінгізіп, Атырау қаласына аман-есен жеткізсе неге риза болмасқа? Әсіресе, сіз бен біз сияқты жасы ұлғайған, егде адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар, балалы әйелдер алғысын айтып, батамызды беріп жатамыз.

Әрине, бар болғаны ертең жүретін болсаңыз, алдын ала диспетчерге телефон шалып, неше орын керек екенін ескертсеңіз сізді де үйіңізден алып кетеді. «Миялы-Атырау» бағытындағы жолаушылар тасымалындағы жүргізушілердің жан қиярлық пен шыдамдылық танытып, 6-7 сағат қақаған аязда, шіліңгір шілденің аптабында, күз бен көктемнің лайсаң балшығында өзімен 11 адамның өмірін сақтап, діттеген жеріне аман-есен жеткізуі адал еңбекті көрсетеді. Сондықтан да, жүргізушілерге алғыстан басқа айтарым жоқ.

Света ЖОЛЫМБЕТОВА,

зейнеткер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT