Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ата заңды қадірлеу баршаның міндеті

https://www.gov.kz/

Конституция  - еліміздің негізгі заңы ретінде қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа бетін ашып, еліміздегі барлық азаматтың шыққан тегіне, дініне, саяси көзқарасына қарамастан бірдей құқықтық кепілдік беріп, сонымен бірге, құқықтық мемлекет құрып, азаматтық қоғам қалыптастыру үшін біздің міндеттерімізді нақты анықтап берді.
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқыққа, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Атап айтар болсақ, азаматтардың өмір сүру құқына, жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына және тағы да басқаға  кепілдік беріледі. Тіпті, ең төтенше жағдайлардың өзінде де олардың құқын шектеуге рұқсат берілмейді. Оған тек қоғамдық тәртіпті, адамның құқы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында әр адамның өзінің құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
Бас әскери прокуратура алқасының  биылғы 25 қаңтардағы кеңейтілген отырысының шешімімен әскери прокуратура органдарының алдағы кезеңдегі қызметінде басым міндеттердің бірі әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтарын қорғау болып айқындалды.
Осы міндетті орындау мақсатында, әскери бөлімдер басшылығы құқықтық актілерді шығару кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау барысында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын бұзатын бұйрықтар анықталды. 
Мысалы, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған майор Б. (гиперактивное расстройство, сочетающееся с умственной осталостью и стереотипными движениями), тәуліктік кезекшілікке 12 мәрте түскен. 
Әскери бөлімінің баянат құжаттарын тіркеу кітабы және жеке істерінің зерделеу 
нәтижесімен аталған әскери қызметшілерден түнгі жұмысқа тарту туралы жазбаша келісімдері мүлдем сұратылмағаны анықталды.
Осылайша, аймақ прокуротурасымен әскери қызметшілер  мен олардың отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын бұзған үшін заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, жауапты тұлғалар жазаланды.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Әскери прокуратураның басқа да гарнизондарда осындай талдаулар жүргізілді.
Конституцияның 83-бабына сәйкес, Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. Жоғарыда айтылғанды түйіндей отырып, барша қазақтандықтарды еліміздің Ата Заңын қадірлеуге және нормаларын, принциптерін ұстануға, патриоттық сезімді жаңғыртуға шақырамын.
К.РАХМАТУЛИН,
Батыс аймағының
әскери прокуроры,
әділет полковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT