Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі 2024 жыл үшін басталатынын еске салады.

Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес, мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы қажет.

2025 жылы ҮЕҰ 2024 жылға арналған есепті жаңартылған esep.govtec.kz порталында тапсыратын болады, ол ескі infonpo.gov.kz сайтынан автоматты түрде бағытталады. Процесті жеңілдету үшін платформада видео-нұсқаулық қолжетімді: https://esep.govtec.kz/video.mp4.

Мәліметтерді уақытылы ұсынбаған және жалған ақпарат ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 489-1 бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделген.

Барлық сұрақтар бойынша Азаматтық орталық мамандарына хабарласуларыңыз сұралады.

 

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Құрманғазы 12Б, БЦ«Авангард»  Байланыс телефондары: 8 775 857 12 96; 8 701 462 97 15

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT