Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ДОП ДОДАСЫ

  Миялы спорт кешенінде құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептен 9-сынып және 10-сынып командалары мен Б.Аманшин атындағы орта мектеп командасы қатысты.


  Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков:
 – Құтқарушы мамандығы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Жауапкершілігі мол, уақытпен санаспайтын қызметте құтқарушылар кәсіби міндеттерін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп қатерлерден сақтап қалуда, төтенше оқиғаның алдын алуда аянбай еңбек етіп, ел алғысына бөленіп келеді. Аудандығы төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мерекеге орай ұйымдастырылып отырған жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді.
Сондай-ақ шарада аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ақан Смадьяров әріптестерін құттықтап, жас аяқ доп шеберлеріне сәттілік тіледі.     
   Тартысты өткен жарыста Б.Аманшин атындағы орта мектеп командасын 14:0 есебімен, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 10-сынып командасын 6:4 есебімен ұтқан Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 9-сынып командасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынды Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 10-сынып командасы иеленсе, Б.Аманшин атындағы орта мектеп командасы үшінші орынды иемденді. Жарыстың «Үздік ойыншысына» Қайсар Руслан лайық деп танылса, «Үздік қақпашы» атағын Нұрасыл Батыл иеленді. Екеуі де Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушылары. Жеңімпаздар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан арнайы кубокпен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521