Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мароккодан жеңіп, Миялыда марапатталды

Өткен аптаның жұмасы күні «Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Арман Баженов спортта биік жетістікке жетіп, аудан абыройын асырып жүрген спортшыларды қабылдады.

Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар қатысты. Жиынды ашқан аудан басшысы жақында ғана Марокко елінде самбо күресінен ардагерлер арасында өткен әлем чемионатында қола жүлдегер атанған Аян Тайжанов пен үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының Кубогында үшінші орын алған Базарбай Теміржановқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, ақшалай сыйлықпен марапаттады. Содан соң сөз сөйлеген «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының өкілі Мағзом Қошанов әріптесі, әлем чемпионатынан жүлде алған Аян Тайжановты басқарма басшысы атынан құттықтап, соңғы үлгідегі ноутбукты сыйға тартты. Ал, аудандық ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Қайырбек Баймұратов Аян Тайжановтың ат спортына қосқан үлесі зор екенін айтып, ақшалай сыйлықты табыстаса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жатықтырушысы Мәлік Сүлейменов пен ауыл тұрғыны Есенбай Нұров құттықтау сөз сөйледі.

Марапаттау рәсімінен соң аудан әкімі Арман Баженов соңғы жылдардағы аудан спортының дамуы мен спортшылардың жетістігі туралы қысқаша баяндама жасаса, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Базарбаев ауданда күрестен басқа да спорт түрлерін дамыту үшін басқа жақтан бапкер әкелу мәселесін көтерді. Ал, спорт жанашыры Қуан Ағашин Миялы ауылындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізсе деген ұсыныс айтса, Ғ. Сланов атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ақжол Ғатауов волейбол спортын дамыту үшін тұрақты түрде лига ойындарын өткізсе деген пікір білдірді. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы аталған ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT