Қырғызстан ұлттық кұрама командасы алдағы Көшпенділер ойындарына кызу дайындыққа кірісті. Көкпар және көкбөрі бойынша әрқайсысы 12 ойыншыдан тұратын команда қазіргі таңда Чолпон-Ата қаласында оку-жаттығу жиынын өткізуде.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жиынның мақсаты — спортшылардың физикалық дайындығын, тактикалық шеберліктерін және командалық үйлесімділігін арттыру. Жаттығу жиыны тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, техникалық және стратегиялық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді.
Көшпенділер ойындары этникалық спорт түрлерінде әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, өз шеберліктері мен дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды элемдік оқиға. Қырғызстан ұлттық кұрамасы өз әлеуетін көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болуға ұмтылады.
Айта кету керек, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы катысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.