Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елдос Сметов финалда жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды

Елдос Сметов финалда жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 келі) Олимпиада чемпионы атанды. Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль жеңген еді.

Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521