Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЗИЯДА АУДАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

Таяуда, Шымкент қаласында спорттың джиу-джитсу түрінен орталық Азия чемпионаты болып өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің сайыпқырандары қатысып, кім мықтыны анықтады. Солардың арасында, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленетін джи-джиутсушылар да бақ сынап, ел абыройын асқақтатып оралды.

Бұл аталмыш спорт мектеп тәрбиеленушілері Ерасыл Саматұлы І орынды, Ертарғын Қоңыр ІІ орынды, Нұрсәт Арманұлы, Іңкәр Бектасқызы, Дарын Алғазылар ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, еліміздің туын биікте қалықтатып жүрген спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Бектұр Тынышқали да ересектер арасында бақ сынап, ІІ орынды иемденсе, Дарын Алғазы қараша айында Грекия мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Ауданымызда джиу-джитсу спорты жыл сайын дамып, әлемдік аренада өзге елдермен иық тіресер қарсылас болып жүргені көз қуантады.

Шәкірттерінің осындай дәрежеге жетуі жаттықтырушы Бектұр Тынышқали мен Сүндет Нұрланбекұлының еселі еңбегі екендігі сөзсіз.

Ақнұр ДҮЙСЕНҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT