Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАРШЫҒАНЫҢ ЕНШІСІНДЕ ҚОС АЛТЫН

Таяуда,   Испания елінің Понтеведра қаласында UWW Грэпплинг  спорттық күресінен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионты болып өтті. 

Осынау дүбірлі дода да ел намысын қорғаған жерлесіміз Қаршыға Абдрахим жастар арасында сынға түсіп, 58 келі салмақта грэпплингтің кимоносыз және кимоно түрлерінен қос алтынды қанжығасына байлады.
Сөйтіп, еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретіп, әнұранымызды шырқатқан Қаршыға Еркетайұлы осыдан 18 жыл бұрын Мұқыр ауылдық округіне қарасты  Тасқұдық елді мекенінде дүниеге келген. Құлсары қаласындағы №19 мектепте бастауыш сыныпта оқып  ата-әжесінің  тәрбиесін көріп өскен ол  Атырау қаласындағы  Жамбыл орта мектебін бітірген. Жастайынан спортқа бейім кейіпкеріміз  11 -  сыныптан бері грэпплинг спортымен  айналысып келеді. Аз ғана уақыттың ішінде, бірнеше дүркін облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаз- жүлдегері болып, Қазақстан чемпионы атанды. Қазіргі таңда,  Х. Досмұхамедов  атындағы Атырау университетінің «денешынықтыру мұғалімі» факультетінің 1 курс студенті.   Ендеше, ел абыройын асқақтатқан Қаршығадай сайыпқырандар көп болса игі дейсің.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521