Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аманжанның кезекті жүлдесі

Жақында Татарстан елінің астанасы Қазан қаласында самбодан кезекті Әлем кубогына арналған жарыс болып өтті.

 Байрақты бәсекеге әлемнің жүзге жуық мемлекетінен 500-дей балуан қатысты. Аталмыш сында 57 келіде сынға түскен мұқырлық Аманжан Әбу алғашқы белдесулерінде тәжікстандық және қос командаласын ұтып, финалға жолдама алады. Ал, ақтық айқаста биылғы жылы самбодан әлем чемпионы атанған ресейлік балуанға есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Аманжанның жаңа салмақтағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін, 52 келіде өнер көрсетіп жүрген жерлес балуан енді 57 келіде ел намысын қорғайтын болады. Осы орайда, Аманжанды байрақты бәсекелерге дайындап жүрген жаттықтырушылары Марат Әбдуәлиев, Серік Меңдешов, Арсен Хатип, Қайрат Досқалиевтердің еңбегі зор екенін айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT