Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қайырымдылық марафоны

Өткен аптаның сенбісі күні мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай Миялы ауылында «Алға басу – движение вперед» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында бір уақытта мәреге жету қайырымдылық жүгірісі болып өтті.

Барлық округтен аталмыш жарысқа қатысқан мемлекеттік қызметкерлер ерікті түрде «ДОМ» қайырымдылық қорына өздерінің шама-шарқынша қаржы аударды. Жалпы жиналған қаражат қор арқылы еліміздегі сырқат балаларды емдеуге жұмсалады. Жүгіру қашықтығы ерлерге 2 500 метр, әйелдерге 1 500 метр болып белгіленді. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов жүгіруге қатысқан мемлекеттік қызметшілерге рахмет айтып, белсенділік көрсеткен спортшыларға аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT