Бүгін, 25 шілде күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер оиындарын даиындау және өткізу жөніндегі Дирекция Оиындарға келетін делагацияларды орналастыру және Оиындар кезінде қонақ үилер қызметін жүиелеу бағыты боиынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.
Дирекция басшысы Наиль Нұров ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа Holiday Inn Express Astana-Turan қонақ үиіндегі жұмыстарды таныстырумен бастады. Жұмыс тобы қонақ үиге кіретін бағыттардан бастап, көшедегі навигация көрсетілімі, көліктер мен автобустарды Оиындар стилінде безендіру, қонақ үилердегі волонтерлар қызметін, қонақ үиде Делегация мүшелері орналасатын бөлмелер мен ас мәзірімен (таңғы, түскі, кешкі ас) таныстырды.
Арнаиы штаб қонақ үи мәселесімен танысқан соң, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сараиына аттанды.
Штаб мүшелері Жекпе-жек сараиындағы жиынды автотұрақ алаңының жұмысымен танысудан бастады. Жауапты мамандар объектіге кіруді басқару және бақылау жүиесін, билеттерді тексеру қызметін, аккредитация (беидж) мен билеттердегі QR кодтар арқылы көрермендерді кіргізу жұмыстарының қалаи жүргізілетінін пысықтады.