МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫН ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ПРЕЗИДЕНТ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА: «БІЗ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ҚОҒАМДА ЕҢБЕКҚОР ЖӘНЕ НАҒЫЗ МАМАН БОЛУ ИДЕЯСЫН НАСИХАТТАЙМЫЗ. БҰЛ «АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС» ҚАҒИДАТЫНА ТОЛЫҚ САЙ КЕЛЕДІ. ҚОҒАМ- ДА ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, КӘСІБИЛІК СИЯҚТЫ ҚАСИЕТТЕР ӨТЕ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНУҒА ТИІС. ӨЗ КӘСІБІН ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН МАМАНДАР ҰЛТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ. ЖҰМЫСТЫҢ ЖАМАНЫ ЖОҚ, КЕЗ КЕЛГЕН ЕҢБЕК ҚАДІРЛІ. ЕҢ БАСТЫСЫ, ӘРКІМ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТЕРЕҢ СЕЗІНІП, ӨЗ МІНДЕТІН САПАЛЫ АТҚАРУҒА ТИІС. СОНДА ҒАНА ЕЛІМІЗ ДАМУДЫҢ САРА ЖОЛЫНА ТҮСЕДІ», ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ.
«Кәсібің-нәсібің» деген ұғым – заманымыздың негізгі қағидасы. Нарық кезеңінде төрт жыл оқыған дипломын сандыққа салып қойып, бірнеше айда жаңа кәсіпті игеріп, ісін дөңгелентіп отырғандар көп. Яғни, кәсіптік - техникалық білімнің болашағы жарқын.
Өркениетті елдерде кәсіптік білімге жататын білікті жұмысшы және орта буын техникалық мамандарын дайындау тегін. Ал бізде ақылысы да, тегіні де бар. Еуропа елдерінде Германиядан бастап біраз мемлекеттерде адамды әлеуметтік қорғаудың негізгі түрлерінің бірі – әрбір азаматқа білікті кәсіби білімді тегін беру. Өйткені, мамандығы бар адам жұмыссыз қалмайды. Ол нанын табады, отбасын асырайды. Мемлекетке де осындай азаматтар керек. Сондықтан, Еуропа елдерінің бәрі де кәсіптік-техникалық білім беруді мемлекеттің қаржысы арқылы жүргізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің елде әрбір үшінші студент ақылы бөлімде оқиды.
Жалпы кез келген елде мектеп бітіруші түлектердің бәрі кәсіби техникалық білімге емес, жоғары білімге барғысы келеді. Ал ата-ана өз баласының мұндай шешімін қолдайды. Сондықтан, әрбір елдің мемлекет басшылары кәсіптік техникалық мамандарды дайындауға үлкен көңіл бөліп, жастарды техникалық және халыққа қызмет көрсету саласына бағыттау кешенді жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі қоғамда сантехник, электрик, дәнекерлеуші, механик, ағаш ұстасы, слесарь, токарь мамандары тапшы. Мұның себебі мектеп бітірген оқушылардың көбі кәсіптік оқу орындарына барғылары келмейді, менсініңкіремейді. Себебі, құрылыста жұмыс ауыр, ақшасы көп емес.
Елімізде екі адамның бірінде қос- қостан дипломы бар. Бірақ сол қатырма қағазында көрсетілген мамандығы бойынша жұмыс жасайтындар аз. Табақтай дипломдарын сандықтың түбіне тастап, мүлдем басқа салаға бет бұрғандары қаншама?! Тіпті екі қолға бір күрек таппай жұмыссыз жүргендері де бар. Сондықтан қазіргідей бәсекелестіктің бәсі артқан нарық заманында жұмысшы мамандығын алған жастар озып тұр десек, артық айтпағанымыз. Өйткені отандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру кәсіптік-техникалық негіздегі мамандықтардың мәртебесін көтерумен тікелей байланысты.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарауға болмайды. Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген бол жамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз. Жүсіпбек Аймауытов былай деген екен: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, бере келі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет». Бір оқу орнын бітіріп алып, табақтай дипломмен жұмыссыз отыру – күйкі көрініс. Ал бүгінгі жастардың дені заңгер, экономист, қала берді, кеден ші болуды армандайды. Құрылысшы, сантехник, токарь боламын деп ешқайсысы ұмтылмайды. Шынында да заңгерлер, экономистер басқаларға қарағанда ақшаны жақсы табар, бірақ барлығының осы салада жолы болып кетуі екіталай.
Болашақта елтізгінін ұстар азаматтардың білімді де білікті, алғыр, бәсекеге қабілетті мамандар қатарын толықтырғаны жақсы-ау, дегенмен, жастарымыздың тек беделдi қызмет атқаруды аңсап, мансап қуып кетуіне жол бермей, оларға орта кәсіптік оқу орындарын бітіргендердің де ел дамуына ерекше үлес қоса алатынын ескеріп, қарапайым жұмысшы мамандығына құрметпен қарауды үйреткеніміз абзал.
Айнагүл КҮНҰЗАҚҚЫЗЫ