Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы болу – таңдау емес, жауапкершілік

Жұмысшы – елдің жанашырына айналған нағыз тұлға. Қазіргі цифрлы дәуірдің заманында да жұмысшы мамандықтардың маңызы кеміген жоқ, қайта артты. Қай-қай саланың болмасын кәсіп иелері – қоғамның өрлеуін қамтамасыз ететін негізгі тіректердің бірі.

Жұмысшы болу – таңдау емес, жауапкершілік. Себебі бұл мамандық иелері қолымен жасайды, ақылымен ойлайды, жүрегімен сезеді. Олар – еңбекпен өркендеген елдің негізін қалаушылар. Жастардың бұл бағытқа бет бұруына тек материалдық ынталандыру ғана емес, қоғамдық көзқарастың оң өзгеруі де ықпал етеді. 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп атау – құр ұран емес, нақты бетбұрыс. Бұл мүмкіндік – тек құрмет көрсету емес, жаңа буынды кәсіби білімге, нақты еңбекке баулудың стратегиялық қадамы. Елімізге ісі бар қайратты жастар қажет. Сондықтан бұл жыл – кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың, жұмысшының қоғамдағы мәртебесін арттырудың мүмкіндігі болмақ. Еңбек – ел болашағы. Ал жұмысшы – сол болашақтың негізін қалап жатқан қарапайым батыр.

Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT