Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕҢІС ОҢАЙ КЕЛГЕН ЖОҚ

«1942 жыл. Біздің бөлімшеміз Воронеж майданындағы ұлы шайқастардың қақ ор- тасында еді. Үлкен ұрыс жүріп жатыр. Жау оғы бас көтертпейді. Бір сәтте дүние астан- кестен болды да қалды.

Гүрс-гүрс жарылған снарядтар мен бомбалардың құлақты жарған дыбысынан аспан айналып жерге түскендей. Сол сәт командиріміздің «жатыңдар» деген қысқа да қатулы даусы саңқ етті. Бәріміз ой- шұңқырлы жерге бұғып, жата-жата қалыстық. Әр жерден ыңырсыған, ышқынған дыбыстар естіледі. Біраздан соң дүрсіл саябырси ба- стады. Өз-өзімізге келген кезде командиріміз бәрімізді жау снаряды қопарып кеткен үлкен шұңқырға жинады... Шұңқырға келе жатып анадай жерде сұлап жатқан ауылдасым Шақкөзді көрдім. Құлын-тайдай тебісіп өскен оның жанына бара алмай қиналған менің жай-күйімді байқаған командир: «Інің бе?» деп сұрады. 

«Иә» деп жауап қаттым. Маған баруға рұқсат етті. Жер бауырлап Шақкөзге жеттім. Сна- ряд оғының жарықшағы қақ төбесін тесіп кетіпті. Бөркі бықсып жанып жатыр. Еңіреп жылап үстіне құлай кеттім. Ол әлсіз ғана дыбыс шығарды. Жаны шықпаған, әлі тірі! Сол сәтте санитарлар да жетті. Оның басын таңып, нәселкеге салыстым. Біз қандыкөйлек жолдастарымызбен асығыс қоштасып, қарсы шабуылға дайындалдық. Кеудемізде кек оты маздап, әрқайсымыз «Сендердің кеткен кектеріңді жаудан қайтарамыз» деп іштей серт еттік. Сол күні біз жаудың үлкен бір шабуылын тойтардық! 

...Қаншама қылшылдаған жас жігіттер Жеңіс тойын көре алмай қыршын кетті. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген рас екен. Соғыстан сол қолымнан айырылып келсем де, өкімет жұмсаған жұмыстан бас тартқаным жоқ. Біз соғысты көріп келдік, енді оның бетін аулақ қылсын. Тек оққа қарсы кеудесін тосып, ұрпақтардың жарқын болашағы үшін жандарын қиған аталарыңның ерлігін ешқашан ұмыта көрмеңдер, олардың рухына бас иіңдер, ба- лаларым!» деп атам сөзін аяқтады. Иә, бұл әңгімені мен атамның аузынан 1995 жылы мамырда жазып алыппын. Менің атам Шәкім Азанов 1906 жылы бұрынғы Гурьев облысы, Есбол ауданы Жарсуат ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 

1929 жылы Бөдене мен Жарсуат ауылдары қосылып, «Жаңақұрлыс» колхозы құрылғанда сол колхозға екі бұзаулы сиыр және бір ат беріп, мүшелікке қабылданған. 1933 жылы аудан құрылғанда колхозда мал баққан және әртүрлі шаруашылық жұмыстарын атқарған. 1941 жылы желтоқсан айында Ал- маты қаласына әскерге жылқы айдап апарып тапсырған. Кейін 1942 жылы 10 қаңтарда соғысқа аттанады. Воронеж майданындағы кескілескен соғыста екі рет жараланып, го- спитальда емделгеннен кейін қайта соғысқа кіреді. Үшінші рет ауыр жараланып, госпи- тальда алты ай емделгенмен, 1942 жылдың желтоқсанында III топтың мүгедегі болып елге оралады. Ауылға келген соң колхоз басқармасының ұйғарымымен егінде су насосының мотористі болып жұмыс жасаған.

1946 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданып, 1959 жылы партия ұйымының тапсырмасымен «Тайсойған» учаскесіне қой бағуға ауыстырылады. 1967 жылы зейнеткерлікке шығып, Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 60 жылдығы, Жуков медальдарымен және еңбектегі жетістіктері үшін совхоз әкімшілігінің бірнеше рет Құрмет грамота- сымен марапатталған. Жамбыл атындағы совхоздың «Құрмет кітабына» есімі жазылған атам 2001 жылы 96 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Әжеміз Ұлша екеуі Жеңіс атты ұлдарын тәрбиелеп өсіріп, Жұмазия келіні екеуінен сегіз немере сүйді. Бүгінгі таңда сол ұл- қыздары жоғары білім алып, әр салада еңбек етуде. Олардан тараған шөбере-шөпшектер де аталарының атын мақтанышпен айтады.

Г.АЗАНОВА, 

немересі  Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT