Бүкіл ел бойынша жоғары оқу орындарының жатақханаларында қазір 6 мыңға жуық студент қалды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жатақханада негізінен шетелдіктер мен алыс аймақтардан келген қазақстандық студенттер қалды. Төтенше жағдай кезінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО басшылығы жатақханаларға азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды тасымалдауды қамтамасыз етуде.
Қазіргі уақытта бірнеше күнге азық-түлік қоры құрылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты арнайы желі нөмірлері іске қосылды. 8-7172-74-16-24; 8-7172-74-20-67; 8-7172-74-23-52