Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа Салық кодексінде көптің тілегі ескеріледі

Айталық, Президент жаңа Салық кодексінің сапалы әзірленуі үшін оның қабылдау мерзімін келесі жылға дейін ұзартты.

Әлбетте, бұл мәселеде қоғамның, оның ішінде іскер ортаның тілегі мен бюд­жет­тің ерекшеліктері ескеріліп, салмақ­ты әрі байыпты шешім қабылдануы қажет. Жасыратыны жоқ, осы заңды дайындау барысында салық режімдері туралы көп сұрақ туындады. Қазір арнайы салық режімі аясында 2 млн-ға жуық кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Оңтайландырылған декларацияны 1 млн 900 мыңдай адам таңдаған. Ал бөлшек салық жүйесі арқылы 30 мыңдай адам өз кәсібін ілгерілетіп келеді. Әрине, бұл режімдердің пайдасы бар. Бірақ осы арқылы салық төлеуден жалтарып жүргендер де кездеседі. Мысалы, кейбір ірі компаниялар өздерінің маңайына жүздеген жеке кәсіпкерді шоғырландырып, осылайша, шығыстарын арттырумен бірге салық міндеттемесін азайтудың амалын қарастырып жүр. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, арнайы салық режімдері жеке тұлғаларға арналып, бағытталуға тиіс. Сол себепті аталған заңды қайта қарас­тырып, пысықтаймыз. Біздің мақса­ты­мыз – салық түсімдерін ұлғайту, сол арқылы экономикалық өсімге жол ашу. Бұған қоса Жолдауда қарыздары бар кәсіпкерлердің шоттарын бірден бұғаттамау жөнінде де айтылды. Рас, қазір қарыз мөлшері 6 АЕК-тен асатын болса, онда есепшот бұғатталады. Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл талап, шекті қою мөлшері қайта қаралады. Айталық, берешек деңгейі 20-25 АЕК-тен асып жатса да, біз оның шотын бұғаттамай, тек қана хабарлама жіберу арқылы бақылау жүргізу тетігін енгізуді көздеп отырмыз. Әйтсе де жіберілген хабарламалар мен тиісті ескертулер еленбей, қарыз мөлшері ұлғая берсе, сонда ғана нақты шаралар қабылданады. Тұтастай алғанда, бақылау жүйесінен бірте-бірте арылып, сервистік қызметтерге басымдық беруді жоспарлап отырмыз.

Ержан БІРЖАНОВ,

Қаржы вице-министрі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT