Мен, Қызылқоға ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Аймуратова Алтынгул Букенбаевна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығын, Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы мемлекеттік комиссиясының 27 сәуір 2020 жылғы № 16 мәжіліс хаттамасын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28 сәуір 2020 жылғы №40 -ПГВР «Карантиндік шектеу шараларын өзгерту туралы» қаулысын басшылыққа алып, коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі- COVID-19) Қызылқоға ауданы тұрғындары арасында таралуының алдын алуды ескерту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қызылқоға ауданы аумағында шектеу шаралары 2020 жылғы 11 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылсын.
2. Төмендегі саладағы кәсіпорындардың жұмысқа шығуына рұқсат етілсін:
1) өндірістік кәсіпорындар;
2) құрылыс саласы, жол құрылыс саласы компаниялары, құрылыс дүкендері;
3) көлік жөндеу орталықтары, көлік жуу орталықтары, тегершік жөндеу сервисі, авто бөлшектер дүкендері;
4) штаттық қызметкерлердің 50 пайызын жұмысқа шығару арқылы екінші деңгейлі банктер;
5) нотариалдық қызмет;
6) өзімен бірге алып кету және жеткізу қызметімен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимі 21-00 сағатқа дейін;
7) тек бизнеске қызмет көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері;
8) ауылшаруашылығы техникасы, инвентарь, тыңайтқыш және тұқым дүкендері;
3. Кәсіпорындардың жұмысын қайта іске қосуға төмендегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі:
1) технологиялық процесс және қызмет көрсету процесіне тікелей қатынаспайтын қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс режиміне максималды түрде ауыстыру;
2) нысанға бөгде тұлғаның кіру мүмкіндігін болдырмау үшін сақтық шараларын күшейту;
3) қызметкерлерді жұмысқа қосар алдында респираторлы аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру. Яғни, коронавирус инфекциясы болуы мүмкін (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алудың ауырлауы, ауа жетіспеуі және т.б.) ЖРВИ, тұмау белгілері бар қызметкерлердің жұмысқа шығуына жол бермеу. Дереу оқшаулап, жедел жәрдем қызметін шақыру.
4) орта және ірі кәсіпорындарда медициналық пункттердің міндетті түрде болуы, кәсіпорында әр ауысымды қабылдап алып, тапсырғаннан кейінгі аралықта қызметкерлерді тексеру үшін медициналық персоналдың міндетті түрде жұмыс орнында болуы;
5) қызметкерлер арасында жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау, бақылау бойынша нұсқау жүргізу;
6) уақытылы ауыстыру талаптарын сақтай отырып, жұмыс орнында қорғаныс бетперделері мен респираторларды қолдану;
7) жұмыс орындарында антисептиктер, жеке қорғаныс құралдарының азаймайтын қорының, әрбір нысанда дезинфекциялау, жуғыш заттар мен антисептикалық заттардың болуы; (орта және ірі кәсіпорындарда: нұсқама, қорғаныс құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуғыш және антисептикалық заттардың қажетті қорын қамтамасыз ету және қадағалау, нұсқаманы орындау мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныс құралдарын ауыстыру және дезинфекциялық құралдар қорын толықтыру үшін жауапты тұлғаны бекіту);
8) нысанда жанаспай жұмыс жасауды енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;
9) тұрақты жұмыс орындарының арасында 2 метрден кем емес алшақтықтың болуы;
10) қызметкерлер тығыз шоғырларланатын аумақтардың жұмысын шектеу (жұмыс процесі технологиясын мүмкіндігінше қайта қарастыру);
11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидтік әсері бар құралдармен дезинфекциялау арқылы, оның ішінде есік тұтқалары, сөндіргіштер, тұтқалар мен таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелі мен орындықтары, оргтехника), жалпылама қолданыс орындарын (гардероб, тамақтану мен тынығу бөлмелері, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялаумен бір ауысымда кем дегенде 2 мәрте ылғалды жинастырып тазарту; 12) жұмыс орындарында тамақтануға тыйым салу.
4. Бау-бақша (бағбандық) иелеріне:
1) азаматтардың жүріп-тұруы күн сайын таңғы сағат 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейін рұқсат етіледі;
2) кедергісіз жүріп-тұруға жергілікті округ әкімдерінің рұқсат қағазы негіз болып табылады;
3) бау-бақша телімдеріне бөтен адамдарды шақыру мен мерекелік демалыс шараларын өткізуге қатаң тиым салынады.
5.Шаруа қожалық иелеріне: Кедергісіз жүріп-тұруға шаруа қожалығының тіркелгендігі туралы куәлігі шаруа қожалығының мүшелігі туралы анықтамасы кедергісіз жүріп-тұруына негіз болып табылады.
6. Балалар ойын алаңдарында:
1) балаларды серуендету уақыты сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін, 17:00-ден 20:00-ге дейін. Ата-анасы бірге жүріп, санитариялық-эпидимиологиялық талаптарды сақтай отырып (бетперде, антисептикалық құралдар) үй айналасының аумағында (ойын алаңдарында) тұрғылықты жерден 200 метрден алыс емес жерде рұқсат етіледі; 6. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шараларды қаталдатуға көшу құқығын өзіме қалдырамын;
7. Аталған Қаулының орындалу жұмысын бақылауды өзіме қалдырамын; 8. Аталған Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Алтынгүл АЙМҰРАТОВА
Қызылқоға ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Сурет. ашық дереккөзден