Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қылмыс неге қайталанады?

Атырау облысы полиция департаменті аумақтық полиция бөлімшелерінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаменті аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған тұлғалардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында, 7 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында департаменттің қалалық және аудандық пробация қызметтерінде «Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Соған сай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындары тексерілуде. Сондай-ақ, күнделікті бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандардың барлығы тұрғылықты жері, олардың тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстарды (шетелге шығу, хабардар етпей ел ішінде орнын ауыстыру, әкімшілік құқық бұзушылық жасау және т.б.) уақытылы анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі «Web-интерфейс», БП ҚСжАЕК «Ақпараттық қызмет», «ҚҚжАО ААЖ» іздестіру жүйесі, ҚР ҰҚК «Бүркіт – мемлекеттік органдар» бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша тексеріліп, қадағаланып, кемшіліктер анықталған жоқ. Алайда, кешкі мезгілде тұрғылықты мекенжайлары бойынша сотталғандарды тексерген уақытта 2 құқық бұзушылық анықталды. Яғни, тексеріс барысында сотталғандар тұрғылықты мекен-жайларында болмаған. Ол үшін тәртіптік шара қолданылып, сотталғандарға ескерту жарияланды.

А.ЖҰБАНИЯЗОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет аға лейтенанты

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT