Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тіршілік тамыры – жұмысшылар қолында

Кез келген мемлекеттің берік іргетасы – тынымсыз еңбек пен адал істің жемісі. Ел ішінде көзге көп түсе бермейтін, алайда қоғам тіршілігінің басты діңгегі саналатын мамандық иелері бар. Олар – қарапайым жұмысшы мамандары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялауы да осындай еңбек адамдарының мәртебесін арттырып, қоғам назарын нақты іске бұруға бағытталған үлкен қадам. Бұл бастама – қарапайым жұмысты таңдап, табанды еңбекпен елге пайдасын тигізіп жүрген азаматтарға деген ерекше құрметтің белгісі.

Ауданымызда да жылдар бойы бір салада үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар аз емес. Олар жас буынға үлгі көрсетіп, еңбек арқылы өмір сүрудің маңызын ұғындырған арда азаматтар. Ең бастысы өз ісінің шебері, жауапкершілікті жете түсінетін кәсіби мамандар деуге болады.

Осы ретте айта кетейік, адал еңбек – елге қызмет етудің ең шынайы жолы. Сондықтан жұмысшы мамандықтарына деген құрмет артып, олардың еңбегі әділ бағалана берсе – мемлекетіміздің де ілгерілеуі тұрақты болмақ.

 

Қ.Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT