Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Теолог маман оқушылармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре су діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс», деген болатын.

Жастарымыздың жат ағымдар жетегінде кетуінің алдын алу үшін олармен түсінік жұмыстарын күшейте түсу керек.

Осы орайда, 2024 жылдың 12 қарашасы күні аудандық АТТ мүшелері теолог-маман Хаван Нұрбол және А.Жексенбай жоспарға сәйкес Нұржау жалпы орта мектебінде болып, оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында «Дін-мейірімділік діңгегі. Шетелдегі діни білім:миф және шындық» атты тақырыбында дәріс оқылып, оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауаптар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT