Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Теңіз кен орнында 2025 жылы бірде-бір ауыр жарақат тіркелмеді

2025 жылғы 26 қыркүйекте Атырауда мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету стратегияларын талқылауға арналған басты салалық алаң – үшінші жыл сайынғы PetroMaintenance 2025 форумы өтті. Шараны Энергетика министрлігінің қолдауымен PetroCouncil ұйымдастырды.

Форум ұлттық компанияларды, халықаралық операторларды, сервистік ұйымдарды және жетекші салалық сарапшыларды біріктірді. Спикерлер қатарында ТШО, КПО, NCOC, QazaqGaz және ҚазМұнайГаз сияқты ірі өндіруші компаниялардың өндірістік бөлім басшылары болды.

Пленарлық сессиялар өндірістік активтердің сенімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасуға және заманауи тәсілдерді талқылауға маңызды алаңға айналды. ТШО өндіріс жөніндегі бас менеджерінің орынбасары Ербол Жұмағазиев компанияның 2025 жылғы жұмысы мен қауіпсіздік және жергілікті қамту саласындағы негізгі жетістіктерімен бөлісті.

– 2025 жылы ТШО-да бірде-бір ауыр жарақат пен өлім жағдайы тіркелген жоқ. Бұл – «Операциялық тәртіптің алты қағидасы» бағдарламасын енгізудің нәтижесі. Ол барлық қызметкерлер мен серіктестер үшін бірыңғай мінез-құлық пен жауапкершілік стандарттарын айқындайды, – деп атап өтті Ербол Жұмағазиев.

2025 жылғы қаңтарда ТШО үшінші буын ЗТК зауытында өндірісті табысты іске қосты. Қондырғының толық қуатында жұмыс істеуі компанияның жылдық мұнай өндіру көлемін 12 млн тоннаға арттырып, Қазақстан бюджетіне түсетін түсімдерді едәуір көбейтпек.

Жергілікті қамту бағдарламасы аясында ТШО 2025 жылы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді шамамен 20 млрд АҚШ долларына сатып алып, жергілікті жеткізушілермен 1200-ден астам келісімшарт жасасты. 1993 жылдан бері қазақстандық компаниялардан жалпы сатып алу көлемі 51,4 млрд доллардан асты. Бұл ел экономикасының дамуына және өңірлердің өндірістік әлеуетін нығайтуға стратегиялық үлес болып отыр.

– Жергілікті қамту – жай ғана экономикалық қажеттілік емес, ол стратегиялық таңдау. Біз қазақстандық кәсіпорындарға инвестиция салып, ұлттық жеткізу тізбегін нығайтуды және өндірістік үдерістердің сенімділігін арттыруды жалғастырамыз, – деді Ербол Жұмағазиев.

2024 жылы ТШО Кешенді технологиялық желілерде жоспарлы күрделі жөндеуді аяқтап, 2019 жылғы ұқсас жұмыстармен салыстырғанда өнімділікті 23%-ға арттырды. Жоба аясында 7 мыңнан астам қазақстандық маман жөндеуге қатысты, ал 20 отандық компания зауыттың сенімділігін арттыру шараларын жүзеге асырды.

PetroMaintenance 2025 форумы мемлекет, операторлар және сервистік компаниялар арасындағы стратегиялық диалог алаңы ретіндегі маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қатысушылар озық тәжірибелерді, инновациялық шешімдерді және техникалық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT