Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ СЕРПІН

сурет ғаламтордан алынды

Еліміздің агроөнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері Мемлекет басшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Биылғы Жолдауда да саланың ең түйткілді мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Президент аграрлық ғылым саласында жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерге назар аударып, бұл саланың жұмысын жандандыру үшін «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығын» «Агротехнология хабына» айналдырып, агроғылым мен өндірістің байланысын нығайту бағытында нақты ұсыныстар айтып, тапсырма берді. Агроғылымды коммерцияландыру бағытындағы бастамалар цифрлық технологияларға тікелей байланысты екені анық. Сол себепті, ғарыштық мониторингті, геоаналитиканы, жасанды интеллектіні белсендірек енгізу тапсырылды.

Үкімет деректеріне сәйкес 2025 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2,4 триллион теңгеге, өсім 3,7 пайызға жетіп, салаға құйылған инвестиция 26,5 пайызға артып, 442,7 миллиард теңге болған. Кейінгі 5 жылда экспорт 51 пайызға өсіп, 66 елге жеткізілген. Агрохабтар құру мен мал шаруашылығын қолдау азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жол ашады. 
Жолдауда пайдаланылмай жатқан жер мәселесі де айтылды. Қазірге дейін 13 миллион гектар жер қайтарылыпты. Президент атап өткендей, ендігі мәселе – қайтарылған жерлерді шаруаларға әділ үлестіру. Бұл да цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын іс. Жерді үлестірудің ашық, әділ, мейлінше технологиялық жүйесін қалыптастырып, іске қоса білсек, мыңдаған жаңа фермерлік шаруашылық құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдардың дамуына серпін береді. Бұл шара жердің бос жатпай, халықтың игілігіне қызмет етуінің кепілі болмақ. 
Біржан ӘЖІҒАЛИЕВ, 
«Ауыл» партиясы аудандық филиалының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT