"Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Атырау облысы тұрғындарын алаңдатқан сұрақтарға Атырау облысы әкімі аппаратының 109 колл орталығы жауап беруде" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Қоңыраулардың дені коменданттық уақыт кезіндегі шектеулер, ережелер, посттарды кесіп өту шарттары мәселелеріне орай түскен.
Сонымен бірге, тұрғындар әлеуметтік маңызы бар нысандардың, мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелердің қызмет уақыты,
әуе және темір жол бағыттарының кестесі, азық - түлік, жанар жағар май бағасы, интернет желісі байланысы бойынша да сұрақтар қойған.
Атап өту керек, 109 колл орталығы тәулік бойы үзіліссіз қызмет көрсетуде.
Қазіргі уақытта орталықта тұрғындарға 32 оператор қызмет көрсетуде.
Еске сала кетелік, ел бойынша орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты, Қазақстанда 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай жарияланды.
Осыған орай, Атырау облысында коменданттық уақыт енгізіліп, бүгінгі таңда облыс территориясында антитеррорлық операция жүруде.