Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағытын түсіндіру жұмыстары бойынша Сағыз ауылында Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өтті.

Оған аудандық соттың төрағасы Айтжан Досмағамбетова және «Билер кеңесі» тобының жетекшісі Құмар Хасанов, мүшесі Жауқаш Тұрдағалиев қатысты. Кездесуде аудандық сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова Жолдаудың сот жүйесіне қатысты тапсырмалары мен міндеттерін жан-жақты таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, дауларды сотқа жеткізбей шешуде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында «Атырау облысы Билер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ауданда жұмыс тобы құрылып, ол бойынша жергілікті «Билер кеңесінің» атқарып жатқан жұмыстары да таныстырылды. Ал, колледж директоры Жалғас Қамысбаев, аудандық сот төрағасы мен «Билер кеңесінің» мүшелеріне ұжым атынан алғысын білдірді.

Шара соңында студенттерге өз құқықтарын білу төңірегінде заң тұрғысынан түсінік берілді.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT