Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Samruk Umiti» жобасы: 30 қатысушы жұмысшы мамандығын таңдады

Қор компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы балалар үйлерінің 100 тәрбиеленушісін кәсіби бағдарлауға арналған «Samruk Umiti» жобасы өз нәтижесін беріп отыр.

«Жетім көрсең – жебей жүр» дейді дана халқымыз. Бұл – ата-бабамыздан жеткен өсиет, ұрпақ бойына мейірім мен қамқорлық дәнін себетін асыл сөз. Дәл осы қағиданы  «Samruk-Kazyna Trust» қоры Жұмысшы мамандықтар жылында «Samruk Umiti» жобасы арқылы жүзеге асырды. Бастаманың алғашқы нәтижелері Павлодарда өткен республикалық жастар форумында таныстырылды. Онда жоба қатысушылары Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевпен кездесті.

Форумда қордың бірыңғай қайырым­дылық операторы  «Samruk-Kazyna Trust» қоры­ның бас директоры Альфия Адие­ваның айтуынша, 9-сыныпты бітіріп, колледжге түсуді жоспарлап отырған 40 тәрбиеленушінің 30-ы сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтарды таңдаған.

м

«Жоба бастаған кезде 9-сынып оқушыларының арасынан техникалық мамандықтарға қызығушылық танытқан небәрі 11 жасөспірім болды. Бүгінде түрлі кәсіби бағдарлау шараларының және менторлардың көмегімен бүгінде еңбек маман­дықтарын таңдаған жастардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл – жүйелі кәсіби бағдар беру жас­тардың ой-санасын өзгертіп, болашаққа деген сенім беретінін көрсететін нақты нәтиже», деді Альфия Адиева.

Павлодар мен Шығыс Қазақ­стан облыстарындағы балалар үйлерінен іріктелген 100 жасөспірім кешенді бағдарлама аясында кәсіптік бағдарлау тестілеуінен өтті, мүдделер картасын жасады, еңбек нарығы мен нақты бос жұмыс орындарымен танысты. Сондай-ақ қаржылық және құқықтық сауаттылық, тұлғалық даму бағытында дағ­ды­лар қалыптастырды. Әрқай­сысына жеке тәлімгер мен куратор бекітіліп, сенімді байланыс орнатылды.

Жастар теорияны тәжіри­бемен ұштастырып, жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар мен колледждерге барып, жұмыс орнын көзбен көріп, мамандармен тілдесті. Оқуды аяқтаған барлық бала «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба аясында кәсіби бағдары ғана емес, өмірлік көзқарасы өзгерген жастың бірі – Шамиль Мехновцев. Павлодардағы балаларды қол­дау өңірлік орта­лығының тәр­биеленушісі техник-механик мамандығына колледжге түсуге бел буып отыр.

«Негізі техникалық мамандықтарға жақынмын. Кәсіп­орын­­дарға барғанда мамандармен кездесіп, кәсіптің қыр-сыры­мен танысуға тырыстым. Бастысы осы бағытты саналы түрде таңдадым. Өзіме ұнайды. Жақсы маман атанғым келеді», дейді болашақ студент.

Ал өскемендік Людмила технолог мамандығын игеріп,  шебер атанғысы келеді.

«Алғашында шаштараз бол­ғым келген. Бірақ көп ойланып, үш түрлі мамандықтың арасынан таңдау жасау қиын болды. Соңында жүрегіме жақын технолог мамандығын таңдадым. «Самұрық-Қазына» өзіме ұнай­тын мамандықты таңдауға көмек­тесті. Колледж өкілдері мектепке келіп, мамандықтар туралы айтып, экскурсия ұйымдастырды. Бұл жоба бізге тұрақты болашақ құруға мүмкіндік беріп отыр», дейді ол.

Алдағы жаңа оқу жылында қор бастамашылары колледж­дермен, кәсіпорындар­мен келісім жасап, әрбір бала толық қам­қорлыққа алынады. Сонымен қатар «Самұ­рық-Қазына» өңірлік жас­тар кеңестерінің мүшелері балаларға тәлімгер атанып, кәсі­би шеберлікті шыңдауға жәр­дем­деседі.

Ұлы Абай «Елді ел, адамды адам ететін тек еңбек» деген. «Samruk Umiti» дәл осы қағиданы басшылыққа алып, жастарды еңбексүйгіштікке, кәсіби дамуға,  өз болашағын өз қолымен құруға жетелейді.

 

Меруерт ШУКУЕВА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT