Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева мүгедектігі бар 1959 адамның 216-сы үйден дауыс беруге өтініш білдіргенін жеткізді.
Дауыс беру учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Тактильді жолақтар, ақпараттық белгі, брайль әліппесі, лупа секілді қажеттіліктер орналастырылған. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінің бірінші қабатта орналасуы да сайлаушылар үшін қолайлы болып отыр.