Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да баса айтты. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан салаға үлкен қолдау көрсетілуде.
Шаруаларға қомақты қаржы бөлініп, несие уақытында беріліп жатыр. Дегенмен, Президенттің айтқаны дұрыс – мәселе тек қаржыда емес, оның тиімді жұмсалуында. Ол үшін жүйелі жоспар, нақты бағдар қажет. Дұрыс жүйе құрылса, еңбегіміздің қайтарымы да мол болады.
Қазірдің өзінде заманауи технологияларды қолданып, шаруашылық жұмысын біріздендіріп жатырмыз. Ең алдымен өзіміз заманға бейімделуіміз қажет. Цифрландыру, жаңа әдіс-тәсілдер – ауылдағы жұмыстың өнімділігін арттыратын басты құрал болады.
Жолдауда айтылған мал шаруашылығына қатысты тапсырмалар да көңілімізден шықты.
Ауылшаруашылық саласына ерекше көңіл бөлген мемлекет басшысының әр сөзінен еңбектің бағаланғанын, жаңа мүмкіндіктердің ашылғанын сезіп отырмыз.
Құрманбек Жаңабаев,
"Құрман" шаруа қожалығының төрағасы