Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мотоциклді алкогольдік масаң күйде жүргізген

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Сағыз ауылының тұрғыны азамат Б. көше бойында мотоцикл құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Оған қатысты Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, алкоголь өнімін пайдаланып мотоцикл құралын басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін, отбасы жағдайын айтып кешірім сұрап, өзіне қатысты жеңіл жаза тағайындауын айтып айғақ келтірді.  

ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.               

Көлiк құралын басқару құқығынан айыру - автомобиль жүргiзушiлерімен қатар тракторлар және өзге де өздігінен жүретін машиналар, трамвайлар, троллейбустар, мотоциклдар және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабына ескертпеде анықталған тағы басқа механикалық көлік құралдарын басқарушы адамдарға да бірдей қолданылады. Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7  жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521