Экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнар Сүлейменова АЭС салу - Қазақстанды энергетикалық қауіпсіздікке алып келетінін айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға қарай, елімізде электр қуаты азаяды деп атап өткен болатын. 2023 жыл мен биылғы жылда электр қуатын пайдалану Қазақстанда рекордтық көрсеткішке жетті. Осы есептік көрсеткіштен кейін атомдық электр станциясын салу - елдің қауіпсіздігі үшін керек»- деді Экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнар Сүлейменова.