Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұнай жөнелту айлақ арқылы жүзеге асырылып жатыр – КҚК

KAZINFORM – Каспий құбыр консорциумы-1 шығарылатын айлақ қондырғысын іске қосты. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінен мәлім етті.

- Жүзеге асырылған кезектен тыс куәландыру нәтижесінде «Ресей теңіз кеме қатынасы тізілімі» ФАМ шешіміне сәйкес РС №010784 КҚК-1 шығарылатын айлақ қондырғысы қалпына келтірілді, - деп нақтылайды компанияның баспасөз қызметінен.

Осылайша, мұнай жөнелту КҚК-1 шығарылатын айлақ қондырғысы және КҚК-3 шығарылатын айлақ қондырғысы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Компания КҚК-2 шығарылатын айлақ қондырғысы қашан іске қосылатынын қосымша хабарламақ. Бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне қазақстандық мұнайды қабылдауға ешқандай шектеу жоқ екенін хабарлаған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT