Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мектептер жөнделеді

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев ілім-білім, ғылым тарихты дамыту үшін ең алдымен ауыл мектептерін уақыт талабына сай жаңғырту қажеттігін ел үкіметі мен аймақ басшыларына нақты міндет етіп жүктеген болатын.

Бұл міндетке жергілікті билік жауапкершілікпен қарап, мәселені оңтайлы шешуге жұмыстануда. Сөзімізге дәлел болсын, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының шешімі бойынша аймақтағы ағымдағы жөндеуге, күзгі-қысқы дайындыққа және жобалау-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өтіп тұрған білім беру нысандарын күрделі жөндеу үшін өңірдегі үш білім беру ошағын жаңартуға 3 млрд. 818 миллион теңге қаржы бөлінгелі отыр. Аталған білім беру ұйымдарының арасында Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектеп те бар. Бұл – Көкмешіттен білім алып, Теректінің тұлғаларын өсіре білген айтулы ұстаз есіміндегі мектеп ұстаздары мен шәкірттері үшін үлкен қуаныш.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

Индер ауданы

Сурет дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT