Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде ғылым мен технология барлық мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екендігіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, атом саласын дамыту мәселесінде талқылады. Бұл – еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына серпін беретін маңызды қадам деп ойлаймын. Ядролық зерттеулер, кадр даярлау және отандық инновацияларды дамыту бағытында бұл жобаның әлеуеті зор. Ғылыми инфрақұрылымды жүйелі жоспарлау арқылы Қазақстан болашақ энергиясының қауіпсіз әрі тиімді үлгісін қалыптастыра алады.

– Елдің энергетикалық қауіпсіздігін және дербестігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Біз түрлі салаға озық технологияларды енгізіп жатырмыз. Ауқымды жобалар қолға алынуда. Оның бәрін табысты жүзеге асыру үшін электр энергиясы жеткілікті болуы қажет. Сондықтан біз қуат көздерін жан-жақты жаңғырту жұмыстарын бастадық. Ең бастысы, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұрдық. Жалпыұлттық референдумда атом электр станциясын салу жөнінде шешім қабылдадық. Шын мәнінде, атом энергиясы – еліміз үшін өте маңызды, қажетті қуат көзі. Біз ғана емес, күллі жаһан жұрты осы саланы дамытуға мықтап кірісіп жатыр. Біз осы салада озық технологиясы бар елдермен ынтымақтастыққа баса мән береміз, – деді мемлекет басшысы.

Осы жиында Курчатов қаласында ғылыми қалашық құру жөніндегі бастамасын көтерді. Біз бұл бастаманы қолдаймыз.

Мереке АЙЖАРЫҚОВ,

Ойыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT