Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда отандық тарих ғылымының және зияткерлеріміздің алдында төл тарихымыз туралы түсінікті жаһандық өркениет пара¬дигмасы тұрғысынан кеңейту міндеті тұр¬ғанына тоқталды. Оның айтуынша, көп¬те¬ген ғалымдар мен қоғам белсенділері әлі күнге дейін Қазақстанның жылнамасына ұлт¬тың жадына жара салған тарихи оқиға¬лар тұрғысынан қарайды. Бұл жағдай төл та¬ри¬хымызға көзқарас ауқымын тарылтады.
«Осы сәтті пайдалана отырып, кеңестік кезеңге қатысты біржақты талдаулар мен пайымдаулардан сақтандырғым келеді. Менің пікірімше, біз үшін бұл ортақ тарихтың күңгірт тұстары болды, бірақ жарқын тұстары да бар. Мұны дұрыс түсіну керек. Әйтпесе, біз әлеуметтік-саяси даму жолында салдары ауыр соғатын адасудың құрсауында қалуымыз ықтимал. Аз зерттелген немесе мүлде зерттелмеген тақырыптарды ғана зерделеу жеткіліксіз. Біз Қазақстанды әлем өркениетінің дербес бөлігі ретінде танытуымыз керек. Қазақ халқының әмбебап әрі бірегей өмірлік тәжірибесін толық ашып көрсету маңызды. Бұл қазіргі Қазақстанның миссиясын терең түсінуге септігін тигізеді.
Көшпенділер өркениетінің бесігі болу дегеніміз өз еліңнің өткенін есте сақтау ғана емес, сонымен қатар бұл – түрлі халық¬тар мен мәдениеттерді, дәуірлер мен кеңістік¬терді ортақ игілік үшін жұмылдыру деген сөз. Тарихымыздың әр белесі бізге бөлінуді емес, бірігуді, қиратуды емес, жасампаз болуды үйретіп келеді. Сондықтан Қазақстан Ұлы дала жүрегі ретінде бүгін де өзінің тарихи миссиясын жалғастыра беруі керек.
Көне заманнан келе жатқан көшпен¬ділер дәстүрі елді артқа тартатын емес, болашаққа бастайтын мықты қуат көзі болуға тиіс. Дей тұрғанмен, тарихты аңызға айналдырып, ескі заманның шырмауында қалып қоюға да болмайды. Тарихи-мәдени мұ¬р-амызды ХХІ ғасырға сай жаңғыртып, жү¬йе¬лі түрде дәріптеуіміз қажет. Ғылыми зерт¬теу¬лер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қал-пына келтіру, археологиялық қазба жұ¬мыс¬тарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрі-мізді жаңғырту – осы жұмыстың бәрін бір жоспарға келтіру керек», деді Президент.