Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Бүгін түнде Қазақстан бойынша тағы 7 адамнан қауіпті індет анықталды.
Ауру жұқтырғандардың төртеуі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1 адам есепке алынды.
Қазіргі таңда науқастардың барлығының бұған дейін вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр.
“Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр” делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.
Еске сала кетелік, 8 сәуір елорда уақытымен 8.45 сағаттағы дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 704 адам коронавирус дертінен емделіп жатыр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА
atr.kz