Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Көлеңкелі» экономикаға қарсы күрес күшейеді

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, EQ

Салық-бюджет реформасын іске асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте салықтық әкімшілендіруді күшейту жөнінде кеңес өткізді.

Фискалдық жүйені рефор­малаудың бір қадамы – эко­номикалық дамудың тұрақ­тылығына нұқ­сан келтіретін «көлеңкелі» эко­но­микамен күресу. Кеңес барысында Қаржы вице-министрі Ержан Бір­жанов атап өткендей, еліміз­де кейінгі бес жылда ІЖӨ-дегі бақыланбайтын эконо­ми­ка­ның үлесі: 2019 жылғы 23,69%-дан 2023 жылы 17,52%-ға дейін тұрақты түрде төмендеп келеді. Көлең­келі экономиканың ең жо­ғары үлесі көтерме және бөл­шек сауда (3,53%), денсау­лық сақтау (2,04%), ауыл шаруа­шылығы, орман және балық шаруашылығы (1,96%), құрылыс (1,92%) және білім беру салаларында (1,49%).

«Көлеңкелі» экономи­ка­ның көпжылдық пробле­масының шешімін салалық, сот, қадағалау мемлекеттік органдарының қатысуымен фискалдық реформа арқылы көріп отырмыз. Мемлекет ресурстарының жоғалуына әкеп соқтыратын теріс қы­лықтарды анықтауға бірлесіп қатысу қажет», деп атап өтті Е.Біржанов.

2025 жылға бақы­лан­бай­тын экономика көрсет­кішін ІЖӨ-ге 15%-ға дейін төмен­дету міндеті тұр. Ол үшін Қаржы министрлігі саланы «кө­лең­кеден» шыға­руды бәсең­де­тетін пробле­малық салалық мәсе­лелерді мем­лекеттік орган­дардың даму жоспарларына KPI ретінде қосуды ұсынуда.

«Мемлекеттік органдар­дың даму жоспарларын сер­вистік тәсілмен және сала­лар­ды цифрландыру ар­қылы жаңа қырынан қарас­тыру қажет. Бұл «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қи­мыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары шең­берін­дегі іс-шараларды орын­дауға ресми көзқарастан кетуге мүмкіндік береді. Мем­лекеттік органдарға көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралармен өз ведомстволарының 2025-2027 жылдарға арналған даму жоспарларына KPI қосуды ұсынамыз», деді ол.

Сондай-ақ кеңесте ХВҚ-ның Салық кодексін қайта қарау кезінде банк құпиясы бойынша шектеулерді жою жөніндегі ұсынымдары ай­тыл­ды. Салықтық әкім­ші­лендіруді күшейту шең­­берінде «көлеңкелі» эконо­ми­каның үлесін ІЖӨ-ге есептеу әдістемесін өзгерту, салаларды, әсіресе «көлеңкелі» экономиканың үлесі жоғары салаларды цифрландыру­ды күшейту ұсынылды. «Көлең­келі» экономикаға қарсы іс-қи­мыл жөніндегі бұрын­ғы кешенді іс-шаралар жос­пары­ның орнына күрестің көрсет­кіштері төмен бес салалық мемлекеттік орган өздерінің жол карталарын әзірлейді. Басқа мемлекеттік органдарда «көлеңкелі» эконо­ми­каға қарсы іс-қимыл жөнін­дегі шаралары бар KPI ведомство­ларды дамытудың сала­лық жоспарларына енгізіле­ді. Қаржы министрлігі Үкімет­тің осы бағыттағы барлық кешенді жұмысын үйлес­тіруші әрі бақылаушы ретін­де «көлеңкелі» экономиканы бақылау жөніндегі өз функ­циясын күшейтетін болады.

Мемлекеттік органдардың «көлең­келі» экономиканы төмен­дету жөніндегі барлық тәсілдері, қадамдары мен іс-шара­лары Жол картасына кір­гізіледі. Сонымен қатар Серік Жұманғарин Қаржы министрлігінің алдына Әділет министрлігімен, салалық мем­лекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бір­ге салықтық тексерулер мен бақылаудың тиім­ділі­гін арттыру жөнінде ұсы­ныс­тар әзірлеу және «көлең­келі «эко­номиканың үлесін одан әрі тө­мендету жөнінде ұсы­ныстар әзірлеу міндетін қойды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT