Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көктемде еліміз бойынша 225 млн түп ағаш егілді

Биыл көктемде ел аумағында 225 млн түп ағаш егілді. Экология министрлігінің дерегінше, жасыл желектің аумағы 141 мың гектар. 

Елді мекендердің өзінде 1,4 миллионнан астам бұта мен ағаш отырғызылған. Ал күзгі кезеңде республика бойынша тағы 153 миллион түп отырғызу жоспарланды.

Сонымен қатар тозған жерлерді қалпына келтіру бағытында да жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Арал теңізінің құрғаған 1,1 миллион гектар аумағына сексеуіл отырғызу басталды. Бұл – экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру бағытындағы ауқымды жобалардың бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT