Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Халықтық штаб: Елімізге болашақта экологиялық таза қуат көздері қажет

Қазақстанда АЭС салу атом индустриясын дамыту үшін және тұтастай алғанда бүкіл экономика үшін мүмкіндіктер ашады. АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері дәрігерлермен кездесті.

“Кез келген басқа электр станциясы сияқты, АЭС жұмыс істеп тұрған кезде белгілі бір көлемдегі суды тұтынады. Айта кету керек, АЭС – ол да сол жылу станциясы, тек көмірмен жұмыс істейтін қазандықтың орнына атом реакторы болады. Қалған жабдықтары – турбиналары, генераторлары, электр жабдықтары және т.б. соған ұқсас. Сондықтан суды пайдалану туралы айтқан кезде басқа жылу станцияларымен салыстырғанда АЭС үшін бұл жаңалық болып саналмайды”,-дейді Үлбі металлургиялық зауыты ЖШС бас инженері Игорь Коробейников.

Қазақстанда АЭС салу атом индустриясын дамыту үшін және тұтастай алғанда бүкіл экономика үшін мүмкіндіктер ашады. Станцияның 1000 МВт жұмысы көмірқышқыл газының шығарындыларын 7 миллион тоннаға дейін төмендетеді. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Маңызды фактор-генерацияның тұрақты төмен құны және 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді.

“АЭС салу мәселесінің көтерілуінің басты себебі - елімізге болашақта сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет, сондай-ақ энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін маңызды. Қазірдің өзінде оңтүстік өңірлерде электр қуатының тапшылығы сезілуде. Біз қомақты көлемде электр энергияны көрші елдерден сатып аламыз”- дейді Халықтық штаб мүшесі Аманбай Нұркенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521