Балалар – біздің болашағымыз. Сол себепті балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа жолдауында жиі айтылып жүр.
Міне, оның бірі "Ұлттық қор" болып табылса, енді бірі «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі деп аталады. Жобаның мақсаты - баланың жоғары білім, колледж немесе аспирантурадағы оқу ақысын төлеу үшін капитал жинау. Есепшотты бала бес жасқа толған кезден бастап ашуға болады. Оған қатысу – әр ата-ананың өз еркі. «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі. Аты айтып тұрғандай, ол баланың келешегіне ерте қамдануға арналған. Ата-ана бес жасқа толған баласының атына есепшот ашса, бюджеттен бір реттік қаржы аударылады. Кейін осы алғашқы капиталдың үстіне әркім өз шамасы келгенше ақша салып отырғаны жөн.
Жыл сайын мемлекет оның үстінен сыйақы төлейді. Тағы бір тәсіл, қаржыны бауырына аудара алады. Егер грантпен оқып дипломын қолына алса, ақша күйіп кетпейді. Оны жеке мақсатта қолдану үшін толықтай шешіп алуына рұқсат ететін норма да қарастырылған. Сонымен бірге жобаға сақтандыру компаниялары да қатысады. Егер де бала асыраушысынан айырылса немесе ата-аналары еңбекке жарамсыз болып қалса, бала 18-ге толғанша ата-анасының орнына сол компаниялар шотты толтырып отырады. Айта кететін тағы бір дерек, «Келешек» бағдарламасына 5 жастан асқан балалар қатыса алмайды. Сондай-ақ мамандар жаңа жинақтау жүйесін білім алуды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде қабылдамау керек деп санайды. Бұл тек грантқа ілікпей қалғандар үшін қосымша құрал. Ол шамамен келесі жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын үнемдеу және балаларын жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған мемлекет тарапынан қолдау көрсету шарасы.
«Келешек» жүйесінің қатысушысы болу үшін ата-аналар «Халық-Life» АҚ-мен «Bilim-Life» білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасасуы қажет. Бұл жерде ата-аналардың жинақтарынан басқа, мемлекеттен жыл сайынғы сыйақылар және сақтандыру ұйымынан кепілдендірілген инвестициялық кірістер, сондай-ақ мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы есептелінетін болады. Шарт жасасу үшін ата-ананың жеке басын куәландыратын құжатты және пайдасына шарт жасалатын баланың туу туралы куәлігін ұсыну қажет.
Аяпберген САЛИХОВ
Исатай ауданы