Республика күні қарсаңында біз тиісті орындардан "Қазақстан" және "Республика" есімді қанша адам тұрып жатқанын сұрастырып көрген едік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Елімізде "Казахстан" немесе "Қазақстан" деген есімдер 31 адамға қойылған. Олардың біреуі әйел де, қалғаны ер адам. Олардың сегізі Ақмола, жетеуі Қарағанды, үшеуі Қостанай, екеуі Маңғыстау облыстарында, бесеуі Астана және екеуі Шымкент қалаларында тұрады. Ал, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір адамнан бар екен. Ал, "Республика" есімді азамат әзірге тіркелмеген.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Суретті түсірген: автор